"Қайрат" футбол клубы

decor

Мекен-жайы: Алматы қ., Майлин к-сі, 230

Телефон нөмірі: +7 (727) 393 13 93

Email: info@fckairat.kz

Компания туралы толығырақ

О проекте

2012 жылдан бері Қайрат Боранбаев «Қайрат» футболдық клубының Бақылау кеңесінің Төрағасы болып табылады. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасында балалар-жасөспірім футболы жоспарлы түрде дамып келеді және жоғары халықаралық стандарттарға сай футболдық клубының инфрақұрылымы құрылуда.

2018 жылы «Қайрат» футболдық клубының Балаларға арналған Академиясы ашылды, мұнда келешек кәсіпқой футболшылар дайындалады – олардың бір бөлігі әйгілі “Қайрат” клубында және тіпті Қазақстанның құрамасы үшін ойнап жүр. «Қайрат» ФК Балаларға арналған Академиясы – барлық халықаралық стандарттар мен талаптарға сай келетін ультра-заманауи спорттық база: бес жабдықталған нысан және 16 футбол алаңы.

«Қайрат» Академиясында Қазақстанның 9 аймағынан: Астана, Павлодар, Өскемен, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Орал өңірінен 600 астам келешек футболшылар тәрбиеленуде.

«Қайрат» футболдық клубы Академиясының мақсаты — Қазақстанның білімді, білекті және патриот азаматын тәрбиелеп шығару. Академиядағы жұмыс тұтастай бірыңғай бірегей әдістеме бойынша жүргізіледі және арнайы бағдарламамен бақыланып отырады. Академияның Медицина бөлімі егжей-тегжейлі медициналық журнал жүргізіп отырады, ол арқылы аурулардың, жарақаттардың тарихын қадағалап және футболшылардың қалпына келу динамикасын бақылап отыруға болады.

«Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілеріне 8  жоғары білікті тәрбиеші білім береді. 

Алдағы конкурстық іріктеулер туралы ақпарат мерзімді түрде «Қайрат» футболдық клубының сайтында жарияланып отырады. Егер жас футболшы Академияға түсі сәтінде физикалық және техника-тактикалық жағынан өзінің құрдастарынан кейін қалып отырған болса, ол Академияның филиалдарында«Қайрат» ФК әдістемесі бойынша оқи алады.