Алмалы білім гранттары

decor

Мекен-жайы: ст. Гетапня 7, 3903, Дилижан

Телефон нөмірі: +374 60 750 800

Email: info@almaly.kz

Компания туралы толығырақ

О проекте

Қайрат Боранбаевтың қайырымдылық қызметінің маңызды бағыттарының бірі қазақстандық студенттердің білім алуы-на шетелде оқу гранттарының жүйесі арқылы қолдау көрсету болып табыла-ды.

Гранттар Қазақстанның оқуды өз күшімен төлей алмайтын студенттеріне колледжден бастап университетті бітірген уақытқа дейін ұсынылады. Студенттер университеттегі оқуын аяқтағаннан кейін “Мейірім” ОО-да міндетті түрде практикадан өтеді. Қазіргі таңда 26 студентке қолдау көрсетілуде.

Сондай-ақ Қайрат және Шолпан Боранбаевтар Армениядағы UWC Dilijan колледжінің құрметті донорлары болып табылады. Бұл 2014 жылы Дилижан қаласында ашылған 16-18 жастағы жасөспірімдерге арналған халықаралық мектеп-пансион – «Бірлескен әлемнің колледждері» білім беру қозғалысының (United World Colleges, UWC)18 колледждерінің бірі. Дилижан қаласындағы колледжге әлемнің кез келген елінен кандидат оқуға түсе алады – қазіргі таңда мұнда 82 елден 210 бала білім алып және 16 мемлекеттің оқытушылары сабақ беруде. UWC Dilijan кампусы қайырымдылық қаражатқа салынған, ал студенттердің 90%-ы толық немесе жартылай стипендиялардың есебінен оқытылады. Колледждің басты құндылықтары - «алуанүрліліктің жеңісі» және «әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің өзара түсіністігі». Колледждің ең маңызды міндеттерінің бірі – өңірдегі білім алу ортасының дамуына ықпал ету. UWC Dilijan Арменияда білім алуға деген ең ілгері тұрғылардың тарауына ықпал ететін білім беру кластерінің рөлін атқарады. UWC Dilijan колледжінде жаһанжергілікті (жаһандық-жергілікті) тұрғы қолданылады. Бұлдеген сөз, колледж жергілікті ортаны өзгерту арқылы жаһандық өзгерістерде маңызды рөл атқарып отыруға тырысады. UWC Dilijan әртүрлі мәдениеттердің арасында өзара түсіністік атмосферасын құруға тырысады.

Қазіргі кезде Боранбаевтар отбасының қаржылай қолдауының арқасында Қазақстанның екі студенті – Аилин Сапарова мен Арнур Сабет осы колледжде білім алуда.