«Алмалы» холдингі азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен тұрақты қоғам құруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды белсенді түрде жүзеге асырады.
3-тен 18 жасқа дейінгі даму ерекшелігі бар балаларға батыс стандарттары мен заманауи әдістемелер негізінде көмек көрсететін мекеме. Орталық ашылғалы бері 1000-нан астам бала түзету-педагогикалық қолдау алды.
«Целинный» — коммерциялық емес институция, ашылған сәтінен бастап 350-ден астам мәдени іс-шара өткізді, олардың қатарында көрмелер, фестивальдер мен дәрістер бар. Орталықтың баспа бағдарламасы аясында Қазақстанның мәдениет пен өнер саласындағы жетекші публицистерінің кітаптары да жарық көреді.
Қазақстан Ұлттық Паралимпия комитеті халықаралық жарыстарда жеңіске жету үшін Қазақстанның ұлттық паралимпиялық құрамасын дайындауда маңызды рөл атқарады: 2018 жылдан бері қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында барлық дәрежедегі медальдарды жеңіп алды.
ФК «Қайрат» академиясы – заманауи спорттық базада 9 өңірден келген 600-ден астам жас спортшыны оқытып, болашақ футбол жұлдыздарын тәрбиелеп жатыр.
«Алмалы» активтерді басқару компаниясы 2014 жылы құрылып, қысқа уақыт ішінде қызмет көрсету, өндіріс, фармацевтика және ірі әлеуметтік жобаларды қамтитын ондаған табысты кәсіпорын мен ұйымды біріктірген жетекші холдингке айналды. Холдинг құрамындағы компаниялар мен мамандардың тиімді жұмысы барлық бағыттарда айтарлықтай өсім мен кеңеюге алып келді. Бүгінде холдинг қолданыстағы бағыттарды белсенді дамытып қана қоймай, жаңа нарықтар мен мүмкіндіктерді зерттеуді де жалғастырып келеді.
Біз қоғамның әлеуметтік дамуы мен әл-ауқатын жақсартудағы рөлімізді терең сезінеміз. «Алмалы» өмір сапасын арттыруға, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен экологияны дамытуға бағытталған көптеген әлеуметтік жобаларды іске асырып, қолдау көрсетіп келеді. Біздің әлеуметтік миссиямыз — мамандарымыз бен компанияларымыздың құзыреттері арқылы Қазақстанның дамуына нақты үлес қосу.
Алмалы саны жағынан
Қызметкер
Компания
Ел
ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР
«Алмалы» АБК акционері Қайрат Боранбаев — қоғам өмірінің түрлі салаларында қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды дамытып, оларды жүзеге асыруға белсене атсалысып жүрген азаматтардың бірі.
мен жобалар бойынша тиімді саясатты жүзеге асырамыз
Сіздің сұранысыңыз өңдеуге қабылданды
Сұраныс жіберілмеген, бетті қайта жүктеңіз және әрекетті қайталаңыз