ҚР Ұлттық паралимпиялық комитеті

decor

Мекен-жайы: г. Нур-Султан, мкр. Караоткель-3, переулок Акшокы, 2 (здание Паралимпийского тренировочного центра).

Телефон нөмірі: +7 7172 790 413

Email: npcrk@paralympic.kz

Компания туралы толығырақ

О проекте

Паралимпиялық спорттың соңғы жылдары елімізде, сондай-ақ әлемдік сахнадағы жетістіктері Қайрат Боранбаевтың есімімен байланысты болуда. 2015 жылдан бері ол Қазақстанның Ұлттық Паралимпиялық Комитетінің президенті болып табылады. Ал 2018 жылы Астанада оның қолдауымен Қазақстандағы тұңғыш Паралимпиялық жаттығу орталығы құрылған болатын.

Ұлттық Паралимпиялық Комитет 2002 жылы құрылған. Бұл коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым, оның міндеті принциптерін қолдау паралимпиялық қозғалыстың принциптерін насихаттау, жоғары жетістіктердің паралимпиялық спорт түрлерінің дамуына ықпал ету, мүгедек-спортшыларды Паралимпиялық ойындарға және басқа да халықаралық спорттық шараларға дайындауда көмек көрсету. ҰПК қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарға, сонымен бірге паралимпиялық ойындарға қатысуына өтінім беруге құқылы Қазақстандағы жалғыз өкіл болып табылады.

2015 жылы Қайрат Боранбаев комитеттің президенті қоғамдық лауазымына сайланды, бұл спортшылардың нәтижелілігіне жағымды әсерін тигізді.

Қайрат Боранбаевтың Ұлттық Паралимпиялық Комитетінде қызмет еткен жылдары Қазақстан паралимпиялық спортты ұйымдастырушылық дамытудың Орталық-Азиялық хабына айналды, онда жақын және алыс шетел мамандары оқыып және тәжірибемен алмасатын болды. 2017 және 2019 жж. аралығында ҰПК Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Тәжікстан, Түрікменстан, Ангола, Қазақстан, Малайзия,БАӘ, Тунистің паралимпиялық комитеттерінің мамандарын оқытып шықты. Қазақстанда  паралимпиялық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізіле бастады: пара дзюдо бойынша Әлем Кубогы(2018, Атырау), пара дзюдо бойынша Азия және Тынық мұхит аймағының Чемпионаты (2019, Атырау), пара пауэрлифтинг бойынша Әлем Чемпионаты (2019, Нұр-Сұлтан).


Мұның барлығы паралимпиялық ойындарда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпалын тигізді,олардың ішінде «Рио-2016» паралимпиялық ойындарында тарихта алғаш рет жеңіп алған алтын медаль, «Пхенчхан-2018» паралимпиялық ойындарындағы алғашқы алтын медаль, сонымен бірге «Токио-2020» ойындарындағы алтын медаль, сондай-ақ «Пекин-2022» қыстық ойындарындағы қола медаль бар.

Сондай-ақ Қайрат Боранбаевтың күш-жігері мен қаржылай қолдау көрсетуінің арқасында Паралимпиялық жаттығу орталығы салынды, ол жаздық және қыстық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар мен спорттық резервті кәсіби түрде даярлауға арналған. Сонымен қатар, жаттығу орталығы дене шынықтыру мен спортпен айналысқысы келетін ерекше физикалық қажетсінулері бар адамдардың барлығы үшін ашық. 

Бұл орталықты құруға 1,5 млрд теңге қаржы инвестицияланды. Ай сайын орталыққа ерекше физикалық қажетсінулері бар 4500 астам адам келеді. Жаттығу 17 спорт түрі бойынша жүргізіледі. Орталықта ерекше физикалық қажетсінулері бар адамдарға қызметтердің барлығы тегін ұсынылады.