«Мейірім» Оңалту Орталығы

decor

Мекен-жайы: Алматы қ., Акан серi к-сі, 154

Телефон нөмірі: +7 (727) 225-05-68

Компания туралы толығырақ

О проекте

Алматы қ. физикалық және ментальді дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған «Мейірім» оңалту орталығы қазақстандық меценат Қайрат Боранба-евтың ұйытқы болуымен және қаржылай қолдауымен ашылған. Ол және оның жұбайы Шолпан Боранбаева орта-лықтың тұрақты демеушілері болып та-былады.

Орталық өзінде балалар күні бойы ата-анасының қамқорлығынсыз болып отыра алатын Қазақстандағы бейіні осындай ең алғашқы мемлекеттік емес ұйымдардың бірі болып табылады. Мұнда 3 және 15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамытуға, әлеуметтендіруге және оқуына арнап барлық қажетті жағдайлар жасалған. Орталық ашылған сәттен бері мыңдаған балалар түзету-педагогикалық қолдауға ие болып және медицина-әлеуметтік оңалтудан өтті. 2018 жылы «Мейірім»ғимараты Қайрат Боранбаевтың меншікті қаражатының есебінен еуропалық оңалту орталықтарының заманауи стандарттары бойынша қайта жөндеуден өтті. 

Орталық балалар церебральді сал ауруы, тірек-қозғалыс аппараты мен интеллектуалды дамуында түрлі ауытқулары бар, Даун синдромы, психологиялық-сөйлеу дамуында кешігулері бар балалар мен жасөспірімдерге түзету-дамыту көмегін көрсетеді. Орталықта толық күнді кешенді дамудың 6 тобы жұмыс істейді. Әр топта бір мезгілде 10 тәрбиеленуші оқытылады, 60 бала тұрақты түрде оңалтудан өтіп және әлеуметтендіріліп отырады. 

2022 жыды орталық балалар мен жасөспірімдерге қысқамерзімді болу топтарында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтті, 15 жастан асқан балаларға арналған «Өмір академиясы» тобы ашылды.

Орталықтың педагогтары балалармен кіші топтарда және арнайы жабдықталған кабинеттерде жұмыс жүргізеді, мұнда барлық қажетті заманауи дамытушы құралдар, ойыншықтар, компьютерлік жабдықтар бар. Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс істейтін кабинет жабдықталған. Музыка орталығында балалардың шығармашылық қабілетін ашуға арнап барлық жағдай жасалған. Орталықта сенсорлық дамуға ерекше көңіл бөлінеді, оған арнап сенсорлы бөлме жабдықталған, арт-терапия бойынша сабақтар өткізіліп отырады. Ұсақ және ірі моториканы бөлменің едені мен қабырғаларына проекцияланған 3D-компьютерлік графика арқылы дамытуға арналған Қазақстандағы жалғыз проекторлық бөлме жабдықталған. Орталық аумағының басым бөлігін спортзал алып жатыр, мұнда тірек-қозғалыс аппаратын дамытуға арналған түрлі элементтер, жаттықтырғыштар, спорттық жабдықтар қойылған. ЕДШ залы бар, онда типологиясы әрт үрлі тірек-қозғалыс аппаратының бұзушылықтарын еңсеруге ықпал ететін жаттықтырғыштар мен техникалық жабдықтар қолданылады. Орталықта массаждық кабинет жұмыс істейді. Орталықтың аумағында Қазақстандағы жалғыз бірегей инклюзивті балалар алаңшасы орналасқан, алаңша балалардың ірі және ұсақ моторикасының, күшінің, икемділігінің, көру бейнелерінің, тактильі сезімдердің, әлеуметтік дағдыларының және бірлесіп ойнау дағдыларының дамуына ықпал ететін көптеген ойын элементтерімен жабдықталған. Ойын элементтері мүгедектік арбалармен қозғалатын балалар үшін қолжетімді. Оңалту орталығының кеңістігі балалар мен жасөспірімдердің кедергісіз жүріп-тұруына арнап жобаланған.

Орталықта балалар мен жасөспірімдерге қарапайым еңбек және шығармашылық дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін сан-алуан түрді кабинеттер жабдықталған. Балаларды тұрмыстық әрекеттерге үйрету — кәсіби терапияның баламасы. Педагогтар күнделікті өмірге қажетті дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Орталықта төрт мезгіл диеталық тамақтану қолданылады. «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы жұмыс істейді, ол балаларда салауатты өмір салты мен тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастырады. 

Орталықтың қызметкерлері үнемі түрде біліктілігін арттырып отырады, орталықта әлеуметтік оңалтудың, медициналық оңалтудың ең ілгері технологиялары, ғылыми-дәлелденген практикалары қолданылады. 

Орталықтың ашылу сәтінен бері оның қызметтерін дамуында ерекшеліктері бар 1000 астам бала пайдаланып үлгерді.