Целинный заманауи мәдениет орталығы

decor

Мекен-жайы: Алматы қ., Масанчи к-сі, 59

Компания туралы толығырақ

О проекте

Целинный заманауи мәдениет орталығы - бұл пәнаралық жобалар арқылы заманауи мәдениет пен өнерді дамытумен айналысатын Қазақстандағы алғашқы жеке институция.

«Целинный» заманауи мәдениет орталығы — Қазақстандағы заманауи мәдениет пен өнердің пәнаралық өзара әрекеттесуіне бағытталған алғашқы жекеменшік институция. Орталықты Қайрат Боранба құрған және ол кеңес заманында салынған «Целинный» кино-театрының ғимаратында орналасқан, мұнда британиялық сәулетші Асиф Ханның жетекшілік етуімен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Целинный» панорамалық кинотеатры 1964 жылы үлгілік жоба бойынша са-лынған болатын (сәулетші С. Розен-блюм, орынға байлау В. Кацев, Б. Тютин, инженер В. Семенов) және бірден кеңестік Алматы тұрғындарының ара-сындағы ең танымал ойын-сауық орта-лығына айналды (1982 жылы онда екі миллионнан астам болып қайтты). Уни-кальный визуальный образ кинотеатра «Целинный» кинотеатрының алматы-лық «Бродвейге» фойесінің жарқыраған шыны қасбетімен қаратылған бірегей виузалды бейнесі суретші Евгений Си-доркиннің көшеден көрініп тұратын ат жарыстары, билер мен жанрлық көріністер бейнеленген алып сграффи-толарының арқасында қалыптасты. XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында кино-театр қайта салынып және түнгі клуб ретінде пайдаланылумен танымал қалалық ойын-сауық орны болып қалып отырған. 2018 жылы ғимаратты көрмелік жобаларды өткізуге арнап бейімдеу ба-рысында бұрын жоғалған деп саналып келген Сидоркинның сграффитолары-ның түпнұсқалары табылды.

«Целинный» заманауи мәдениет орталығы интеллектуалды қауымдастықтың кеңеюіне ықпал етеді. Целинныйдың институционалды страте-гиясы «осында» және «қазір» деген екі мотивтің симбиозына негізделген: осын-да дегеніміз бұл көрмелер, кинобағдар-лама, білім беру шаралары, музыкалық және би ойын-сауықтары және одан басқа экспериментальді көркем форма-лар, қазір дегеніміз бұл зерттеу баста-масына негізделген, орталықты келе-шекте дамытуға бағытталған жобалар — құжаттама, академиктерге арналған ре-зиденциялар және баспа бағдарламасы.

Орталықтың негізгі міндеті — көркемдік, академиялық, ғылыми ортада проце-стерді және ашық түрде ой толғауға және сыни пікірталастарға арнап плат-форма құру. Баспа бағдарламасы жаңа, заманауи проблемалар саласындағы зерттеулерге қызығатын авторлармен жұмыс істейді. Осылайша, бұл зертте-улердің нәтижелері кең, сондай-ақ кәсіби аудитория үшін қолжетімді. 2018 жылы ашылған сәтінен бастап 450 астам мәдени қоғамдық шаралар өткізілді, олардың арасында: заманауи өнер көрмелері, кинофестивальдер, концерттер, дәрістер, шеберлік са-бақтары, спектакльдер, биеннале, білім беру жобалары, экскурсиялар, балала-рға арналған шаралар. Ашылған сәтінен бері «Целинный» орталығының қызметі 3 млн. артық адамды қамтыды. Бұл біздің онлайн-жобаларымыздың қатысушылары, көрмелерге, шеберлік сабақтарына, семинарларға, экскурсияға келушілер, баспа бағдарламасының аудиториясы.