“Подари жизнь" қоры

decor

О проекте

“Өмір сыйла" қорын 2006 жылы актриса-лар Дина Корзун мен Чулпан Хаматов құрған болатын. “Өмір сыйла" қайы-рымдылық қорының міндеті — ауыр қан ауруына шалдыққан балаларға қажетті ем алуға көмектесу.

Құрылған сәтінен бері қор 73 мыңнан астам балаға көмек көрсетті. Қордың барлық бағдарламалары баланың мүддесін және оның уақытында көмек алу құқығын қорғауға бағытталған. Қор-дың міндеті: онкологиялық және гемато-логиялық аурулары бар балаларды ем-деу мен оңалтуға қаржы жинау; балалар мен жастар емделетін онкологиялық және гематологиялық клиникаларға көмек беру; науқас балалардың пробле-маларына қоғамның назарын аударту; тегін қан донорлығының дамуына ықпал ету; науқас балаларға әлеуметтік және психологиялық көмек беру; балалар он-кологиялық клиникаларының жанындағы еріктілер топтарының жұмысына көмек көрсету. Қордың екі серіктес қоры бар, олар: Ұлыбританияда Gift of Life, және АҚШ-та Podari.Life. Қор науқас балала-рға тікелей көмек көрсету бойынша орасан зор жұмыс атқарумен қатар ауқымды әлеуметтік жұмыс жүргізіп оты-рады – заң шығару саласындағы баста-малар, донорларды тартады, аурухана-лармен жұмыс істейді, ата-аналарға қолдау көрсетеді, шетелдік дәрі-дәрмекті елге енгізуде көмек көрсетеді. Бағдарламалар тек қана жеке қайы-рымдылықтар мен бизнестің көмегінің есебінен қаржыландырылып отырады.

Қайрат Советайұлы өзін жүзеге асыруда қорға көмек көрсеткен ең ауқымды жоба —Дмитрий Рогачев атындағы Балалар гематологиясы орталығына томотера-пия аппаратын сатып алу. Томотерапия аппаратының арқасында дененің кез келген бөлігіне сәулелік терапияны ба-рынша дәлдеп жеткізіп отыруға болады. Ресейде бұл сирек кездесетін және эк-зотикалық технология болып табылады, алайда оның әсері зор. Аппараттың бағасы – 5,6 миллион доллар.

Сондай-ақ қормен ынтымақтастық шеңберінде осыдан бірнеше жыл бұрын Қайрат Боранбаев Қазақстанның екі жасөспірімі — Катя Люманова мен Олег Боровченкоға Мәскеудегі Блохин атындағы Онкология орталығында ем алуға көмектесті. Бұл екі жасөспірімнің екеуі де қажетті емін алды және қазіргі уақытта өмірін жалғастыруда.
Он жыл бойы 2011 және 2021 жылдар аралығында Қайрат Советайұлының белсенді ат салысуымен Gift of Life мейіргерлік қорына қайырымдылық көмектер берілген болатын, олар «Ше-телдік дәрі-дәрмектер» бағдарламасы-ның дамуын қаржыландыруға көмектесті - Ресейде қолжетімсіз заманауи меди-циналық препараттардың ақысын төлеп берді. Қызмет еткен уақыты ішінде бұл қор ресейлік клиникалардың 520 астам пациентіне дәрі-дәрмектердің ақысын төлеуге, шетелдік тізілімдердің донор-ларынан сүйек миы жасушаларын алу мен жеткізуде, шетелдік мамандардың қатысуымен жүргізілген оталарға қаты-сты шығындарды өтеуге көмектесті.