05 Қыркүйек 19

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГ БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Қазақстанда NUR-SULTAN 2019 пара пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Чемпионатқа әлемнің 76 елінен 450 спортшы қатысты және 5 әлемдік рекорд орнатылды.

Жарыстың алғашқы күнінде бірден 2 рекорд орнатылды - А тобында 41 келіден жоғары салмақтағы әйелдер арасында қытайлық спортшы Cui Zhe 101 келі салмақты көтерді, ал сәл кейінірек 45 келіден жоғары салмақтағы Аспан асты елінің тағы бір өкілі Guo Linging 118 келі нәтижемен екінші әлемдік рекордты орнатты. 

Кейінірек А тобында 79 келіден жоғары салмақтағы Нигерия спортшысы Omolayo Bose 142 кел салмақты көтеріп, әлем рекордын орнатты, ал 86 келіден жоғары салмақтағы Нигерияның тағы бір өкілі Oluwafemiayo Folashade салмағын 150 келі салмақты көтеріп әлемдік рекордты жаңартты.

Сондай-ақ 107 келіден жоғары салмақтағы ерлер арасында Моңғолиядан келген спортшы Enkhbayar Sondompiljee 247 келі нәтижемен абсолютті рекорд орнатты!
Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Әлем чемпионатында 4 алқа жеңіп алды.

45 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қыздар арасында Қабыл Тұрсынай 57 келі нәтижесімен алтын жеңіп алды. Айта кету керек, бұл қазақстандық пара пауэрлифтингтің тарихындағы әлем чемпионаттарындағы алғашқы алтын. Сондай-ақ 45 келі нәтижемен біздің спортшымыз Ақанова Сандуғаш күміс алқа алды.

Жабылу салтанатында эстафета келесі әлем чемпионаты 2021 жылы өтетін Венгрияға тапсырылды.

08

Тамыз 22

Жақсы жаңалық. Нұр-Сұлтанда «Fitnation» өз жұмысын бастады!

Елордалық клуб - салауатты өмір салты үшін қажеттінің бәрі бар кеңістік: ✅Топтық бағдарламалардың кең топтамасы; ✅Жетекші LifeFitness өндірушісінің жаттықтырғыштарының сан алуан топтамасы; ✅Бірегей мобильді қосымша; ✅Бассейн ✅Сауна, Хамам, фин моншасы. «Fitnation»-мен бірге спорттық, белсенді, серпінді өмір салтына «Иә!» деңіз ✊✊✊ Ыңғайлы келісім-шартты fitnation.kz сайтында және мобильді қосымшада таңдауға болады! Барлығыңызды Тұран даңғылы 4/1 мекен-жайы бойынша күтеміз

Толығырақ

01

Шілде 22

The Ritz-Carlton Residences Almaty әлемдік деңгейдегі 3 марапатқа ие болды

Жақсы жаңалық The Ritz-Carlton Residences Almaty әлемдік деңгейдегі 3 марапатқа ие болды. Алматыдағы Ritz-Carlton апартаменттері үш номинация бойынша үздік деп танылды : Owner Engagement. 2021 Award of Excellence Associate Engagement. 2021 Award of Excellence Property Management. 2021 Award of Excellence Бүкіл команданы Әлемдік желі сыйлығының беделді марапаттарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Толығырақ

27

Маусым 22

Медицина қызметкерлері күні

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Оны тойлау Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жылы белгіленген. Әлемде дәрігер, медбике, сондай-ақ барлық медицина қызметкерлері мамандығынан гөрі адам өмірінде маңызды рөл атқаратын мамандық жоқ шығар. Бұл аурудың белгілері бойынша және қарап-тексеру барысында анықтауға, оның сипатын анықтауға, емдеу әдістері мен сұлбасын құруға, сондай-ақ осы емдеуді жүргізуге көмектесетін де медицина қызметкерлері. Қарағанды фармацевтикалық кешенінің қызметкерлері үшін «медицина қызметкерлері күні» фармацевтикалық өндіріс қызметкерлері медицина қызметкерлері сияқты пациенттерді дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз ету арқылы денсаулық сақтау жүйесіне өздерінің қомақты үлесін қосуына байланысты кәсіби мереке болып саналады. «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС - бірінші отандық инновациялық биотехнологиялық фармацевтикалық кәсіпорын және осы жылы кешенге 10 жыл толады. Компанияның ұраны: «Биотехнология адам игілігі үшін». Осы жылдар ішінде ҚФК Қазақстан халқын қолжетімді, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз ете отырып, бұрын Қазақстан Республикасында өндірілмеген, онкология, гемофилия, ревматоидты артрит, шашыраңқы склероз, миокард инфарктісі, қант диабеті және басқа да орфандық аурулар сияқты әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған препараттар шығара отырып, өзінің маңызды миссиясын жауапкершілікпен орындап келеді. Өзінің мерейтойлық жылында «Қарағанды фармацевтикалық кешені» саланың дамуына баға жетпес игілікті үлес қосқаны үшін Қазақстанның барлық медицина қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіргісі келді және шын жүректен сыйлық ретінде «медицина қызметкерлері күнінде» Қарағанды қаласының «BIG BAND» джаз оркестрінің, сондай-ақ жетекші қазақстандық орындаушылардың концертін ұйымдастырды. Концерт шабытты өтті, классикалық, заманауи және джаз композициялары шебер орындалды, олар залда жиналғандардың барлығына тәнті етті. «Қарағанды фармацевтикалық кешенінің» қызметкерлері мен шақырылған қонақтар – облыстың емдеу мекемелерінің жетекші медицина қызметкерлері және ҚР Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері кешеннің 10 жылдық жұмысының деңгейі жоғары екенін атап өтті және медицина қызметкері күніне арналған ұмытылмас, эмоцияға толы сыйлық үшін алғыстарын білдірді.

Толығырақ

Жаңалықтарға жазылу