All for Joomla All for Webmasters
ru
ru
КОМПАНИЯ
ПО УПРАВЛЕНИЮ
АКТИВАМИ
КОНТАКТЫ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы бірегей Паралимпиадалық жаттығу орталығын ашты

Бұл Қазақстандағы бірінші халықаралық деңгейдегі мамандандырылған Паралимпиадалық Жаттығу Орталығы.  Паралимпиадалық Жаттығу Орталығының жалпы ауданы – 5 000 шаршы метрге жуық.

Ғимарат техниканың соңғы үлгісі бойынша жабдықталған. Жаңа жаттығу орталығының бірегейлігі оның паралимпиадашылар үшін ғана емес, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі барлық адамдар үшін де спортпен айналысуға қол жетімділігінде .

Орталықта Қазақстандағы жалғыз спорт-медициналық бірегей тренажер – мөлшері 3х5 м болатын жүгіру төсемі орнатылған, ол спорттың кез келген түріне арналған биомеханиканың бейне-талдағышын, бүкіл дененің кинематикасын, жүрудің және баланстың кешенді талдағышын, жүректің, тыныс алу органдарының, қан айналымының және қозғалу аппаратының дифференциалдық диагностикасын, сондай-ақ спортшының нақты уақыттағы физиологиялық және биомеханикалық жай-күйінің мониторингісін қамтиды.

Жаттығу орталығында отырып ойнайтын голбол, волейбол, арбада отырып ойнайтын теннис және бочче бойынша спорттық ойын түрлері залы бар. Осы спорт түрлері 2020 жылғы Токиодағы Паралимпида ойындарының бағдарламасына енгізілген. Спорт кешенінде пауэрлифтингке арналған кәсіби аймақ орналасқан. Күштік жаттығуларға арналып бейімделген тренажерлер 811 шаршы м алаңды алады. Орталықта пара таеквондомен айналысу үшін 423 шаршы м алаң бар.

Орталықта медициналық блок бар, оның қызметтері паралимпиадашы спортшыларға және орталықтың барлық клиенттеріне қолжетімді. Ол массаж, процедуралық, физиотерапевтік кабинеттері мен оңалту аймағын қамтиды. Медицина жабдығы параспортшының қозғалыстағы денсаулық жағдайын қадағалауға, спортшыларды да, орталықтың клиенттерін де медициналық тексеруге мүмкіндік береді.

Кешенде қонақүй бар, оның әрбір нөмірі тіреуіштермен, көмек шақыру батырмаларымен, сүйеніштермен, сенсорлық қол жуғыштармен жабдықталған. Қуаты 50 адамға дейінгі көп функционалды қоректену аймағы спортшыға қажетті тамақтану үшін мүмкіндік береді.

Кешенде автотұрақ аймағы бар. Орталықта залдың 4 жаттықтырушы-үйлестірушісі, 5 нұсқаушы жұмыс істейді. Орталық сағат 09-00-ден 22-00 дейін демалыссыз жұмыс істейді.

Жаңа орталықтың құрылысын салу кезінде халықаралық тәжірибе зерделенді. Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның мүгедек адамдарға арналған спорт орталықтары үлгі ретінде алынды және Халықаралық Паралимпиада Комитетінің жетекші шетелдік сарапшылары тартылды. Жаттығу орталығын тұрғызу кезінде Илеана Родригес сарапшы болды. Ол Халықаралық Паралимпиада Комитетінің мүгедектер үшін қол жетімділік стандарттары саласындағы маман болып табылады. Колорадо Спрингс қаласындағы (АҚШ) Олимпиадалық жаттығу орталығын реконструкциялау кезінде сәулетші болған. Ол Астанадағы Паралимпиадалық Жаттығу Орталығын салу кезінде негіз ретінде алынды. Илеана Родригез пара жүзу бойынша АҚШ ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады. 2012 жылы Лондондағы Паралимпиадалық ойындарға қатысып, 100 метрге брасспен жүзуден 7-орын алған.

Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада Комитеті 2002 жылы құрылған болатын. ҰПК коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым болып табылады. ҰПК жоғарыда аталған халықаралық спорт ұйымдарының қамқорлығымен өткізілетін паралимпиадалық ойындарды қоса алғанда, қазақстандық спортшылардың  халықаралық жарыстарға қатысуға өтініш білдіруге  құқығы бар Қазақстандағы жалғыз өкіл болып табылады.

ҰПК:

  • Халықаралық паралимпиада комитеті
  • Азия паралимпиада комитеті
  • Халықаралық пара волейбол ұйымы
  • Ампутанттар мен арбашылардың халықаралық федерациясы
  • Зағиптардың халықаралық спорт федерациясы сияқты халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады.

About the author

СОБЫТИЯ

Юные саксофонисты из Казахстана покорили жюри детского конкурса «Песенка года 2018»
08.08.2018
Выражаем соболезнования в связи с трагической гибелью Дениса Тена
20.07.2018
КАРЛОС АЛОС: «КАЙРАТ» ВСЕГДА ИГРАЕТ ТОЛЬКО НА ПОБЕДУ»
19.07.2018
Поздравляем с Днём столицы!
06.07.2018
Президенту Нурсултану Назарбаеву был вручен Орден Почета Азиатского Паралимпийского Комитета
04.07.2018
Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Азия Паралимпиада Комитетінің Құрмет ордені табыс етілді
04.07.2018
Президент Нурсултан Назарбаев подарил мотоцикл золотому призеру Паралимпийских игр-2018 в Пхенчхане Александру Колядину
04.07.2018
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Пхенчхандағы 2018 жылғы Паралимпиада ойындарының алтын жүлдегері Александр Колядинге мотоцикл сыйлады
04.07.2018
Президент Нурсултан Назарбаев осмотрел уникальный Паралимпийский тренировочный центр в Астане
04.07.2018
Кайрат Боранбаев награжден юбилейной медалью «Астана 20 жыл»
03.07.2018
9-летний житель Астаны представит Казахстан на финале чемпионата мира по футболу в России
03.07.2018
В Санкт-Петербурге состоялась Конвенция трех рынков России, Казахстана и Республики Беларусь
14.06.2018

КОНТАКТЫ ПРЕСС-СЛУЖБЫ

г.Алматы, ул. Тимирязева, 18а
050059, Республика Казахстан
+7 (727) 332 40 42