Ермек Серкебаев атындағы қор

decor

О проекте

«Ермек Серкебаев атындағы мәдениет және өнерді қолдау қоры» - 2015 жылдың тамызында КСРО Халық әртісі Ермек Бекмухамедұлы Серкебаевтың баласы мен немересі Байғали мен Камила Серкебаевтардың бастамасы бойынша құрылған коммерциялық емес қайырымдылық ұйым.

Қор қызметінің негізгі бағыттары жас талантты әртістерге қолдау көрсету, олардың шығармашылық дамуы мен оқуына көмектесу, сыйлықтар мен стипендияларды тағайындау, Қазақстанның әлемдегі мәдени ықпалын күшейту мақсатында Қазақстанда және шетелдерде көпшілік алдындағы концерттерді ұйымдастыру болып табылады. Тағы бір басымдыққа ие бағыты Қазақстанның көрнекті өнер қайраткерлері туралы естелікті сақтау және оларға моральдік және қаржылай қолдау көрсету, мерейтойлық концерттерді ұйымдастыру, биографиялық әдебиеттерді, классикалық музыка өнерінің ең үздік үлгілерінің дыбыстық және бейнежазбаларын шығару. Қайрат Боранбаев қор ашылған сәттен бастап бірнеше жылдан бері қорға демеушілік көмек көрсетіп келеді. Демеушілік жәрдем шеңберінде жетім, аз қамтылған, жағдайы төмен, қолайсыз, толық емес және көп балалы отбасыларынан шыққан дарынды балаларға, Алматы қ. музыка мектептерінің оқушыларына арнап ай сайын стипендия төлеу үшін қаржы бөлініп отырады; сондай-ақ дарынды балаларды музыкалық конкурстарға, шеберлік сабақтарына, машықтануларға жіберуге арнап қаржы бөлінеді, сондай-ақ классикалық музыка концерттерін, музыкалық және кинофестивальдерді, көрсетілімдер мен Қор ұйымдастырып отырған басқа шараларды өткізуге қаржы бөлінеді.